Тамақтану
Charterhouse Almaty мектебінде тамақтану – мектеп өмірінің ажырамас бөлігі. Әр тағам ұқыптылықпен дайындалып, талғаммен ұсынылады әрі оқушылардың бірге өткізетін ерекше сәтіне айналады.
Біздің аспазшыларымыз сапа мен таңдауды үйлестіретін, әртүрлі әрі құнарлы мәзір ұсынуды мақтан тұтады.
Әр тағам маусымдық өнімдерден пайдаланып, тікелей мектеп аумағында дайындалады, оның үйлесімділігіне, дәміне және алуан түрлілігіне ерекше мән беріледі.
Біз не ұсынамыз?
Біз әртүрлі тағамдық қажеттіліктерді ескереміз, соның ішінде лактозаға төзбеушілік, глютенсіз және халал тағамдар ұсынылады. Мәзір екі апта сайын жаңартылып отырады, бұл балаларға әртүрлі әрі теңгерімді тағам түрлерін ұсынуға мүмкіндік береді. Мүмкіндігінше, біз жергілікті өндірушілердің сапалы өнімдерін пайдаланамыз.
Біздің аспаздар тағамдарды дайындау барысында тұздың, қанттың және қаныққан майлардың мөлшерін барынша азайтатын рецепттер мен әзірлеу тәсілдерін қолданады. Біз жоғары сапалы тамақтану қызметін ұсынуға ұмтыламыз және оны үнемі жетілдіру бағытында жұмыс істейміз. Ата-аналарда мектептің тамақтану қызметіне қатысты сұрақтар немесе ұсыныстар болса, Ата-аналармен Байланыс және Серіктестік Менеджер оларды талқылауға әрдайым дайын.
Мәзір үлгісі
ТАҢҒЫ АС
• Асқабақ қосылған тары ботқасы
• Жидек қоспасымен ұсынылатын сүзбе
• Маусымдық жемістердің 2 түрі
• Сары май жағылған тұтас дәнді нан
• Какао
ТҮСКІ АС
• Ет домалақтары қосылған сорпа
• Ірімшік тұздығындағы тауық домалақтары
• Картоп езбесі
• Қызылша мен алма салаты
• Банан
• Жидек компоты