10-сыныпта оқуға арналған гранттар · 2027–2028

10-сыныпқа оқуға арналған гранттар

2027 жылғы қыркүйекте оқуға қабылдау

Чартер

Академиялық гранттар · 2027–2028

10-сыныпта оқуға арналған гранттар

10-сынып грант бағдарламасы академиялық тұрғыдан жоғары мақсат қоятын оқушыларға Charterhouse Almaty мектебіне білім алудың маңызды кезеңінде қосылуға мүмкіндік береді. Бұл кезеңде олар GCSE, кейіннен A-level біліктіліктеріне бағытталған академиялық жолының келесі сатысын бастайды. 2027 жылғы қыркүйекте оқуға қабылдау үшін конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша шектеулі мөлшерде грант беріледі.

Біз жоғары академиялық жетістіктерін көрсетіп үлгерген, сондай-ақ білімге құштарлық, дербес ойлау және әрі қарай дамуға деген табандылық танытатын оқушыларды іздейміз. 10-сынып грант бағдарламасы өзіне жоғары талап қоя алатын, сыныптан тыс идеяларды зерттеуге дайын және Charterhouse Almaty ұсынатын ерекше академиялық мүмкіндіктерді барынша пайдалануға ұмтылатын оқушыларға арналған.

Академиялық грант иегері атану жолы

Сәтті өткен үміткерлер Charterhouse Almaty академиялық грант иегері мәртебесіне ие болады, олардың есімдері Scholars’ Court алаңында мәңгілікке қашалып жазылады және олар мектептің Академиялық шәкіртақы бағдарламасына қатысады. Академиялық тереңдету, зияткерлік сын-қатерлер, жеке қолдау, дәрістер, байқаулар және оқу бағдарламасынан тыс мүмкіндіктер арқылы грант иегерлері өздерінің мықты қырларын дамытып, қызығушылықтарын тереңірек зерттеуге ынталандырылады.

Академиялық грант иегері ретінде оқушылар мектептің зияткерлік өміріне оң үлес қосып, өздеріне жоғары мақсаттар қойып, стипендия мәртебесіне сай жауапкершілік пен білімге құштарлық танытуы тиіс.

Маңызды күндер

9 қазан - 9 қараша

Өтінім қабылдау · 2026

14 қараша

1-кезең · 2026

28 қараша

2-кезең · 2026

Назар аударыңыз: Гранттар байқауының барлық кезеңдері, соның ішінде тестілеу мен сұхбаттар, Charterhouse Almaty мектебінде офлайн форматта өтеді. Өткізілу уақыты мен ұйымдастыру мәселелеріне қатысты қосымша ақпарат үміткерлерге электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Стипендияға іріктеу үдерісі

Барлық үміткер грант бағдараламасының әр кезеңінен өтуі тиіс. Іріктеу жоғары академиялық қабілеті, зияткерлік қызығушылығы және Charterhouse Almaty мектебінде табысты білім алуға әлеуеті бар дарынды оқушыларды анықтауға бағытталған.

01

1-кезең - Академиялық бағалау

Үміткерлер негізгі академиялық дағдылары мен жалпы дайындық деңгейін бағалауға арналған академиялық бағалаудың бірінші кезеңінен өтеді.

02

2-кезең - Қосымша бағалау

Сәтті өткен үміткерлер академиялық қабілеттерді, ойлау дағдыларын және зияткерлік әлеуетті кеңірек бағалайтын екінші кезеңге өтеді.

03

Қорытынды кезең - Сұхбат

Қысқа тізімге енген үміткерлер Charterhouse Almaty өкілдерімен сұхбатқа шақырылады. Сұхбат барысында үміткердің академиялық қызығушылықтары, мақсаттары, оқуға деген көзқарасы және мектептің зияткерлік өміріне үлес қосуға дайындығы қарастырылады.

Грант үміткерлерінің академиялық көрсеткіштері, іріктеудің барлық кезеңдеріндегі нәтижелері және жалпы академиялық әлеуеті мұқият қаралғаннан кейін беріледі. Соңғы шешімдер Charterhouse Almaty грант критерийлері мен мектеп ережелеріне сәйкес қабылданады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

10-сынып грант бағдарламасына үміткер болу үшін:

Charterhouse Almaty мектебінің қазіргі оқушылары өтінім бере алмайды.

10-сынып грант бағдарламасына өтінім беру

Талаптарға сәйкес келетін үміткерлер 2027-2028 жылғы стипендиялық байқауға өтінім беруге шақырылады.

Өтінімді жібермес бұрын дұрыс грант бағдарламасына өтінім беріп отырғаныңызға және жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетініңізге көз жеткізіңіз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Иә. Грант иегері болу мүмкіндігін сақтау үшін үміткерлер өздері шақырылған барлық кезеңнен өтуі тиіс.

Байқау академиялық қабілетті, ойлау дағдыларын және әлеуетті бағалауға арналған. Мектеп өткен жылдардың тапсырмаларын, үлгі тесттерді немесе арнайы дайындық материалдарын ұсынбайды.

Шақырулар, өткізу уақыты және қосымша нұсқаулар тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі. Отбасылар байланыс деректерінің дұрыс екеніне көз жеткізіп, электрондық поштаны тұрақты тексеріп отыруы тиіс.

Үміткердің бүкіл іріктеу үдерісіндегі жалпы нәтижесі, соның ішінде академиялық көрсеткіштері, бағалау нәтижелері және сұхбаты ескеріледі. Бір ғана кезең соңғы шешімді анықтамайды.

Жоқ. 2027 жылғы грант байқауы Charterhouse Almaty мектебіне тиісті сыныпқа жаңа оқушы ретінде түсетін үміткерлерге арналған.

Иә. Барлық гранттар Charterhouse Almaty грант тағайындау комитетінің шешімімен беріледі және оның шешімі түпкілікті болып табылады.

Үміткер өзінің туған күніне сәйкес келетін сыныпқа өтінім беріп, жарияланған барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Толығырақ ақпарат

Грант бағдарламасы туралы толығырақ білгіңіз келсе немесе балаңыздың талаптарға сәйкестігін талқылағыңыз келсе, оқушыларды қабылдау командасы сізге көмектесуге дайын.

+7 700 161 1611
+7 700 405 1611