Балаңыздың білімі

Charterhouse Almaty — Орталық Азияда 400 жылдан астам үздік білім беру тәжірибесіне негізделген британдық жекеменшік мектептің білімін ұсынатын алғашқы мектеп болады.

Британиядан шабыт алып, Алматыда жүзеге асады

Танымал ұстаздардың жетекшілігімен біздің биік мақсатымыз — Орталық Азиядағы ең үздік британдық жекеменшік мектепті құру. Бұл жерде біз ертеңгі ойшылдарды, көшбасшыларды және өзгеріс енгізушілерді тәрбиелейміз.

Charterhouse (Ұлыбритания) мектебімен тығыз әріптестігіміздің арқасында біз Алматыға нағыз британдық жекеменшік мектеп тәжірибесін әкелеміз. Бұл ғасырлар бойғы академиялық жетістіктер мен болашаққа бағытталған инновациялық білім беру тәсілінің үйлесімі болмақ.

Оқушыларымыз Charterhouse түлектерінің бірнеше буынын тәрбиелеген қатаң академиялық стандарттар, мінез қалыптастыратын дәстүрлер мен дара қолдау жүйесінің барлық артықшылықтарын сезіне алады. Сонымен қатар, біз Қазақстанның бай мәдени мұрасын құрметпен қабылдап, оқу бағдарламасына және мектеп қауымдастығына жергілікті салт-дәстүрлерді, тілдерді және құндылықтарды енгіземіз.

Мақсатты білім

Бұл — болашақтың мектебі: ол өткенді құрметтейді, қазіргі уақытты түсінеді және жастарды келешекті қалыптастыруға дайындайды.

Charterhouse Almaty жан-жақты және жоғары сапалы білім ұсынады — бұл мүмкіндіктерге, қиындықтарға және жаңалықтарға толы терең әрі мағыналы оқу тәжірибесі. Мұнда зияткерлік қызығушылық дамытылып, оқушылардың мінезі қалыптасады.

Ұлыбританиядағы Charterhouse мектебінен шабыт алған біз болашаққа дайындықты басты қағидат етеміз — оқушыларды өз білімін, дағдыларын және ойлау қабілетін қолдана отырып, бір-бірімен тығыз байланысқан әлемде жетістікке жетуге бейімдейміз. Ілгерішіл әрі серпінді көзқарас арқылы біз әрбір оқушының мектепті сенімді, икемді және болашақ мүмкіндіктер мен сынақтарға дайын күйде аяқтауын қамтамасыз етеміз.

Біздің Super-Curriculum тәсіліміз

Charterhouse Almaty мектебінің оқу бағдарламасы оқушыларды университет деңгейінде ойлауға және әрекет етуге жетелейді – тек жас ерекшеліктеріне сай бейімделген түрде.

Charterhouse білім беру жүйесі тек емтиханмен шектелмейді – білім алудың шегі жоқ. Қазақстандағы жалғыз академиялық іріктеуден өтетін мектеп ретінде біз толыққанды Super-Curriculum жүйесін ұсынамыз. Бұл тәсіл академиялық талапты ғылыми зерттеу, пікірсайыс, сыни ойлау және ойын сауатты жеткізу дағдыларымен ұштастыра отырып, оқушыларды әлемдегі үздік университеттер бағалайтын қабілеттермен қамтамасыз етеді.

Кейбір мектептерде қосымша іс-шаралар тек ерікті түрде ұсынылса, бізде Super-Curriculum – мектеп өмірінің ажырамас бөлігі. Тәуелсіз оқудан бастап, академиялық байқаулар, қонақ дәрістер және жоғары сыныптарда (Sixth Form) университет үлгісіндегі элективтерге дейінгі әрбір мүмкіндік оқушылардың зияткерлік қызығушылығын тереңдетуге бағытталады.

Спортпен, өнермен және көшбасшылықты дамыту бағдарламаларымен ұштастыра отырып, бұл ерекше тәсіл біздің оқушыларымызды тек жоғары білікті емес, сонымен қатар болашаққа толық дайын тұлға ретінде тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Мінез, жауапкершілік және қауымдастық

Академиялық үздік біліммен қатар, қосымша сабақтан тыс өмір Charterhouse Almaty мектебінің негізгі тіректерінің бірі болады. Оқушылар спорт, орындаушылық өнер және ашық ауадағы білім беру бағыттарында тамаша мүмкіндіктерге ие болады — бұл бағыттардың барлығы табандылықты, шығармашылықты және көшбасшылықты дамытуға ықпал етеді.

Charterhouse Almaty мектебі интеллектуалдық өршілдікке, адалдыққа және айқын мақсатқа ұмтылатын ерекше тұлғаларды қалыптастыруға бар күшін салады. Бұл — шын мәніндегі әлемдік деңгейдегі білімнің негізі. Ұлыбританияның ең әйгілі әрі тарихи тәуелсіз мектептерінің бірі — Charterhouse UK-пен тікелей байланысты Қазақстандағы жалғыз мектеп ретінде біз төрт ғасырға жуық академиялық жетістігімен танылған оқу орнының құндылықтарын ұстанатын боламыз.

**«Deo Dante Dedi»** – «Құдай берген соң, мен табыстадым» деген ғасырлық ұранын негізге ала отырып, біз оқушыларымызды мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға, сеніммен көшбасшылық танытуға және әлемге мәнді үлес қосуға ынталандырамыз.

400 жылдан астам Charterhouse мұрасы қалыптастырған басты құндылықтарымыз – біздің барлық іс-әрекетімізге бағыт береді. Бұл құндылықтардың өзегінде мейірімділік тұрады – өзімізге, айналамыздағы адамдарға және қоршаған әлемге деген. Мектепке алғаш қадам басқан күннен бастап, оқушыларымыз түрлі ой-пікірлерді құрметтейтін және әр тұлғаның әлеуетін дамытатын таңдаулы қауымдастықтың мүшесі атанады.

Ұлыбританиядағы Charterhouse мектебінің рухы мен стандарттарын сақтай отырып, біз әр оқушының мықты академиялық біліммен ғана емес, сонымен қатар айқын мінезімен, көшбасшылық қабілеттерімен және жаһандық көзқараспен болашақты қалыптастыра алатындай болып түлектер қатарына қосылуын қамтамасыз етеміз.